Пресс-релиз

Пресс-релиз

9 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста «АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталықтың мемлекет активтерін пайдалануының мемлекеттік аудитінің» нәтижелері қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 12,2 млн.теңгеге ҚР заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде бюджетке 162,0 мың теңге сомасында өтелуге, бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге – 12,1 млн. теңге. Бұдан басқа, 869,6 мың теңге сомаға активтерді тиімсіз жоспарлау, 217,8 мың теңге сомаға активтерді тиімсіз пайдалану, сондай-ақ рәсімдерді орындаудың 11 бұзушылығы анықталды, бюджет шығыны 45,9 мың теңгені құрады.

Даму жоспары мен оның орындалуы туралы есептерді талдау сапасыз жоспарлау фактілерінің болуын, жекелеген көрсеткіштер бойынша нақты мәндердің көрсетілмеуін көрсетті, бұл олардың нәтижелеріне қол жеткізуді объективті бағалау мүмкіндігін болдырмайды.

Аудит нәтижелері бойынша бухгалтерлік есепті, оның ішінде активтерді есепке алуды жеткіліксіз ұйымдастыру атап өтілді, бұл бухгалтерлік баланс қалдықтарының және кәсіпорынның 2023, 2024 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерінің бұрмалануына, сондай-ақ 2023 жылғы таза кірістің бір бөлігін бюджетке аударудың толық төленбеуіне әкелді.

Жалақы мен іссапар шығындарын есептеу және төлеу кезінде еңбек және өзге де заңнама талаптарының бұзылуы анықталды, ғимараттың шатырын күрделі жөндеу кезінде жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту тәртібінің бұзылуы анықталды, бұл ішкі бақылаудың жеткіліксіз деңгейін көрсетеді.

2023 жылдан бастап құны 217,8 мың теңге болатын деректерді жинау үшін мобильді үстел үсті терминалын пайдаланбау фактісі анықталды, бұл активтерді тиімсіз пайдалану болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын сақтамау нәтижесінде сатып алу рәсімдерін бұзуға жол берілді.

Мемлекеттік сатып алуды, бухгалтерлік есепті жүргізу рәсімдерін бұзу, таза табыстың бір бөлігін аударуды уақтылы толық төлемеу фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдар лауазымды адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін уәкілетті органға жіберілді.

Мемлекеттік сатып алуды бұзғаны және қаржылық есептілікті бұрмалағаны үшін ішкі мемлекеттік аудит департаменті жалпы сомасы 389,2 мың теңгеге 3 әкімшілік материал жасады.

Мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектісіне және уәкілетті органға – «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-не анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы Нұсқамалар жолданды.