«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іс-шараларын іске асыруға бағытталған мемлекеттік аудит қорытындылары туралы пресс-релиз

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іс-шараларын іске асыруға бағытталған мемлекеттік аудит қорытындылары туралы  пресс-релиз

2026 жылғы 29 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іс-шараларын іске асыруға бағытталған мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.

МемлекеттікаудитДенсаулықсақтаубасқармасындамедициналықжабдықтыпайдаланубөлігіндеелеуліпроблемаларанықталды.Қолданыстағысәйкестіксертификаттарыбар115,7млнтеңгесомасындағыжабдықМедициналықперсоналдақажеттісертификаттаумендаярлықтыңболмауына байланысты емдеу-диагностикалықпроцестеісжүзіндепайдаланылмайтыны анықталды.

Бұданбасқа,құрылысбасқармасындажалпысомасы514,5млнтеңгегерасталғансәйкестіксертификаттарынсызаудандықауруханаларғамедициналықжабдықтарды сатып алужәнебалансқа беру фактілеріанықталды.

Аталған жабдықты медициналық практикада қолдануға болмайды, бұл бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға және ұлттық жобаны іске асырудан күтілетін әлеуметтік әсердің төмендеуіне әкеледі. Сондай-ақ, құрылыс аудит басқармасында 35,9 млн.теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 1,6 млн. теңге сомасына құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалмаған көлеміне ақы төлеу, 18,6 млн. теңге сомасына технологиялық жабдықты жеткізбеу, 15,7 млн. теңге сомасына дизель-генератор жабдығының құнын негізсіз көтеру. Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің 6 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

             Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің 6 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.             Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 3 материал «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ жіберілді.«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Кладбинка ауылында медициналық пункт салу» жобасы шеңберінде GF3-50 үлгідегі дизель-генератордың құнының негізсіз жоғары төленуі және rNeuton modelA үлгідегі өкпені жасанды желдетуге арналған технологиялық аппараттың нақты жеткізілмеуі фактілері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ қатысты мемлекеттік аудит материалдарын қарау және процессуалдық шешім қабылдау үшін Солтүстік Қазақстан облысының Прокуратурасына жолдансын.             Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларына қаржылық тәртіпті нығайту, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланғаны үшін жауапкершілікті арттыру жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды. Сондай-ақ кадр саясатын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізу, анықталған бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер бойынша тұрақты негізде техникалық оқу жүргізу, жаңадан қабылданатын нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу.              Мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілді.