2025 жылғы 24 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Денсаулық сақтау саласының квазимемлекеттік секторының жекелеген субъектілері қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит нәтижелері қаралды.
Мемлекеттік аудит Облыстық фтизиопульмонология орталығында және Психикалық денсаулық орталығында жүргізілді.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 505,6 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды (бюджетке 106,9 мың теңге, Кәсіпорын кірісіне – 46,2 мың теңге, бухгалтерлік есеп бойынша 1 352,5 мың теңге сомаға қалпына келтіруге жатады). 86 631,8 мың теңге сомасында тиімсіз жоспарлау, 23 рәсімдік бұзушылық және Кәсіпорындар қызметінде 3 кемшілік анықталды. Жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін бюджет кірісіне 2,8 мың теңге сомасында тұрақсыздық айыбы өндірілді.
Облыстық фтизиопульмонология орталығында жүргізілген аудит мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғаларымен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтауының жеткіліксіз деңгейін көрсетті.
2023-2024 жылдары бірқатар көрсеткіштерге қол жеткізбеу фактісінің анықталуы даму Жоспарының орындалуына пәрменді ішкі бақылау мен мониторингтің жоқтығын көрсетеді, жекелеген көрсеткіштер бойынша жоспарлы және нақты мәндердің көрсетілмеуі оларға қол жеткізуді объективті бағалау мүмкіндігін болдырмайды.
Еңбекақы төлеу қорын қалыптастыру кезінде бюджеттік жүйенің негізділігі қағидатының бұзылуы анықталды, бұл даму Жоспарында осы көрсеткіштің тиімсіз жоспарланғанын көрсетеді, іс жүзінде еңбекақы төлеу қорына жұмсалатын шығыстар 72,0 мың теңгеге асырылды, нәтижесінде бұл бұзушылықтар салықтар мен басқа да әлеуметтік төлемдердің толық төленбеуіне алып келді.
Сараланған қосымша ақылар Ережеде көзделген тиімділік критерийлеріне нақты бағалау жүргізбей есептелді, нәтижесінде Кәсіпорын өз регламенттерін сақтамады.
Жөндеуге күрделі салымдарды басқару Кәсіпорынның мәселелерінің бірі болып табылады, 2-ші және 3-ші қабаттарды күрделі жөндеуге арналған шарттар бойынша мерзімдерді бұзу және міндеттемелерді орындамау аурухананы шартты бұзуға және сотқа жүгінуге мәжбүр етті. Сот талқылауларының нәтижесінде Кәсіпорын мердігерге мерзімдерін бұза отырып орындалған және қажетті қорытындылардың болмауына байланысты пайдалануға қабылданбаған жұмыстар үшін 112,0 млн. теңгеден астам төледі.
Психикалық денсаулық орталығында 2023,2024 жылдары түпкілікті нәтиженің 4 көрсеткіші бойынша нәтижелерге қол жеткізілмеген, түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің бірі бойынша нақты мәндердің болмауына байланысты оған қол жеткізуді бағалауға мүмкін емес етеді.
Еңбекақы төлеу қорын қалыптастыру кезінде бюджеттік жүйенің негізділігі қағидатының бұзылуы анықталды, бұл осы көрсеткіштің тиімсіз жоспарланғанын көрсетеді.
Кадрлық әлеуетті талдау және бағалау нәтижелері медицина қызметкерлерінің тапшылығының өсуін көрсетті: 2023 жылы 3 маманнан 2024 жылы 10 маманға дейін.
Аудит Жарғының жекелеген тармағының және Байқау кеңесі туралы Ереженің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтінін анықтады, Кәсіпорынның ұйымдық құрылымын бекіту бөлігінде «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының талаптары бұзылды, Кәсіпорынның дәрігеріне тұрғын үйді жалға алғаны үшін артық төленген қосымша ақының фактісі анықталды.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау аудитінің қорытындысы бойынша сатып алу рәсімдерінің бұзылуы анықталды. СҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментіне мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін 7 әкімшілік материал және 2 материал қаржылық есептілікті бұрмалау фактісі бойынша жолданды.
Мемлекеттік аудит қорытындыларын қарау нәтижелері бойынша: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау Басқармасына, облыстық фтизиопульмонология Орталығына, психикалық денсаулық Орталығына анықталған бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы Нұсқамалар жолданды.