2025 жылғы 24 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Субсидиялау бағдарламалары шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін бағалау және олардың 2022-2024 жылдардағы Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі» сараптамалық-талдамалық іс-шарасының қорытындылары қаралды.
Өткізілген сараптамалық-талдамалық іс-шара «СҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ субсидиялау бағдарламалары шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын жеткілікті тиімді пайдаланбайтынын көрсетті.
Талданып отырған үш жылдық кезеңде бюджет қаражатының көп бөлігі «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» 050-ББ (үлесі — 23,4%), «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеуді жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» 005-ББ (17,9%) және «Ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдықтарын сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» 056-ББ (16,1%) іске асыруға бағытталған.
Субсидиялау бағдарламалары толық көлемде қаржыландырылмайды, осыған байланысты төленген өтінімдердің және кейбір бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген субсидиялар көлемінің азаюы байқалады. 2025 жылдың басында АӨК субъектілері алдындағы субсидиялар бойынша берешектің жалпы сомасы 38,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2024 жылы берілген субсидиялар көлемінің жартысынан астамын (60,8 млрд.теңге) құрады.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша субсидиялар бойынша берешектің жалпы сомасы 57,3 млрд. теңгені құрады (2025 жылдың басынан берешек 18,8 млрд.теңгеге ұлғайды). Субсидиялау бағдарламаларын жеткіліксіз қаржыландыру берешек сомасының өсуіне әкелді, бұл сондай-ақ АӨК субъектілері тарапынан субсидиялар түрінде мемлекеттен көмек алуға сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді.
11 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау оң динамиканы көрсетті, дегенмен жекелеген бюджеттік бағдарламалар шеңберінде тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізбеу фактілері бар.
Өткізілген сараптамалық – талдамалық іс-шараның қорытындысы бойынша өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына нақты ұсыныстар берілді.