Солтүстік Қазақстан облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау және қайта өңдеу, облыс аудандарында ресімделген, заңдастырылған қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының болмауы, апатты қоқыс тастайтын жерлердің пайда болуы мәселесі бойынша

Солтүстік Қазақстан облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау және қайта өңдеу, облыс аудандарында ресімделген, заңдастырылған қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының болмауы, апатты қоқыс тастайтын жерлердің пайда болуы мәселесі бойынша

2025 жылғы 4 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Солтүстік Қазақстан облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау және қайта өңдеу, облыс аудандарында ресімделген, заңдастырылған қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының болмауы, апатты қоқыс тастайтын жерлердің пайда болуы мәселесі бойынша сараптамалық-талдау іс-шарасы қаралды.

Сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу саласында бірқатар жүйелі мәселелердің бар екені анықталды: облыстың көптеген аудандарында заңдастырылған полигондардың болмауы; елді мекендер шегінде де, одан тысқары жерлерде де стихиялық үйінділердің пайда болуының жалғасуы; қалдықтарды бөлек жинау үшін инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы; қалдықтарды қайта өңдеудің шектеулі қуаттары; халықтың экологиялық хабардарлығының төмен деңгейі.

Аталған мәселелер тиiстi инфрақұрылымды дамытуға, нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiруге, мемлекеттiк қолдау тетiктерiн күшейтуге, сондай-ақ халықтың экологиялық мәдениет деңгейiн арттыруға бағытталған кешендi шаралар қабылдау қажеттiгiн куәландырады.

Сараптамалық-талдамалық іс-шараның қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына орындау мерзімімен ұсыныс берілді.