Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға, 2024 жылға арналған даму жоспарын іске асырудың тиімділігі

Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға, 2024 жылға арналған даму жоспарын іске асырудың тиімділігі

2025 жылғы 4 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға, 2024 жылға арналған даму Жоспарын іске асырудың тиімділігі» сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындылары қаралды.

Өткізілген сараптамалық-талдау іс-шарасы жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша облыстың мемлекеттік органдарының қанағаттанарлықсыз жұмысын көрсетті, 5 түйінді ұлттық индикаторға және 5 нысаналы индикаторға немесе жоспарлы мәндердің 45,4% және 29,4% (тиісінше) қол жеткізілген жоқ. Негізгі ұлттық индикаторлар мен нысаналы индикаторлардың ең үлкен орындалмау жауапты орындаушылар бөлінісінде жол берілді:

1) кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму Басқармасы- 4 түйінді ұлттық индикатор, 1 нысаналы индикатор;

2) табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасы- 1 түйінді ұлттық индикатор, 1 нысаналы индикатор;

3) денсаулық сақтау Басқармасы-2 нысаналы индикатор;

4) экономика Басқармасы салалық басқармалармен бірлесіп - 1 нысаналы индикатор.

Жалпы, 2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму Жоспарын іске асыру негізгі бағыттардың орындалуын қамтамасыз етеді, алайда нәтижелердің гетерогенділігімен және жүйелік кемшіліктердің болуымен сипатталады. Қолданыстағы мониторинг жүйесі тәуекелдерді уақтылы анықтауды және алдын алуды толық көлемде қамтамасыз етпейді.

Аталған проблемаларды жою нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу тиімділігін арттыру және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қажетті шарт болып табылады.

Сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен қорытынды бекітілді.