Тексеру комиссиясының 2024 жылғы және 2025 жылғы 9 айдағы аудиторлық қызметінің қорытындылары және аудит барысында анықталған бұзушылықтар, жүйелік кемшіліктер бойынша Мағжан Жұмабаев ауданда өткізілген көшпелі семинар туралы

Тексеру комиссиясының 2024 жылғы және 2025 жылғы 9 айдағы аудиторлық қызметінің қорытындылары және аудит барысында анықталған бұзушылықтар, жүйелік кемшіліктер бойынша Мағжан Жұмабаев ауданда өткізілген көшпелі семинар туралы

Қаржы тәртібін күшейту, жүйелі қаржылық бұзушылықтардың, кемшіліктердің, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану мақсатында, 2025 жылғы 31 қазанда Тексеру комиссиясының мүшесі А.Е. Қарабеков, Мағжан Жұмабаев атындағы ауданда аудан әкімі аппаратының, ауылдық округ әкімдерінің, бюджеттік мекемелердің бөлім басшылары мен бас бухгалтерлері қатысуымен семинар (дөңгелек үстел) өткізді.

Кездесу барысында Тексеру комиссиясының 2024 жылғы және 2025 жылғы 9 айдағы аудиторлық қызметінің қорытындылары ұсынылды, сондай-ақ аудиторлық іс-шаралар барысында анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар, жүйелі кемшіліктер және жіберілген бұзушылықтар үшін қолданылатын жауапкершілік шаралары айтылды. Кездесуге қатысушылар анықталған бұзушылықтар бойынша сұрақтар қойылды, оларға тиісті жауаптар берілді. 

Семинар соңында ауылдық округ әкімдері мен бюджеттік ұйымдардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар беріліп, қаржылық тәртіпті, нормативтік-құқықтық актілерді білу деңгейін арттыру қажеттілігі атап өтілді, сондай-ақ аудандық бюджетті жоспарлау мен орындаудың ашықтығы мен тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары белгіленді.