Пресс — релиз 2024 жылғы Тайынша ауданының жергілікті бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы

Пресс — релиз  2024 жылғы Тайынша ауданының жергілікті бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы

2025 жылғы 2 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Тайынша ауданының 2024 жылғы жергілікті бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.

Мемлекеттік аудитпен 16 бюджеттік бағдарлама әкімшісі қамтылды.

Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмалануларының жалпы сомасы 40 717,3 теңгені құрады.

Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің мемлекеттік аудиті барысында рәсімдерді орындау тәртібінің 15 бұзушылығы анықталды. мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану сомасы 2 233,4 мың теңге. Жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) жалпы сомасы – 237, 8 мың теңге.

Аудит объектілері бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнаманы бұзуға жол берді (Бухгалтерлік есеп туралы заң, бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі, қаржылық есептілікті жасау ережесі), сондай-ақ еңбекақы төлеу, ұйымдармен есеп айырысу, Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру және т. б. кезінде бұзушылықтар анықталды.

Мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларымен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтамауы бұзушылықтарға жол берудің себептері болды, 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 10 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді.