Аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен жүйелік кемшіліктер бойынша Қызылжар ауданында өткізілген көшпелі семинар туралы

Аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен жүйелік кемшіліктер бойынша Қызылжар ауданында өткізілген көшпелі семинар туралы

Қаржы тәртібті  күшейту, жүйелі қаржылық бұзушылықтар мен кемшіліктердің, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу және бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану алдын алу мақсатында, 25 қыркүйекте СҚО бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі М.Ж.Ебжанов Қызылжар ауданында ауылдық округ әкімдерінің, ауданның бюджеттік мекемелерінің басшылары мен бухгалтерлерінің қатысуымен семинар өткізді.

Семинардың негізгі тақырыбы СҚО бойынша Тексеру комиссиясының 2023-2024 жылдардағы аудиторлық қызметінің қорытындысы, аудитте анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы және жіберілген бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары болды.

Тексеру комиссиясының негізгі міндеттері айтылды, дөңгелек үстелдер, семинар — кеңестер ақпараттандыру үшін ғана емес, тәжірибе алмасу, проблемаларды талқылау және заңнаманы ұқсас бұзушылықтарға жол бермеуді шешу жолдарын әзірлеу үшін де маңызды, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы бұзу мәселесі және ҚР ӘҚБтК белгілеген жауапкершілік шаралары атап өтілді.

Соңында ауылдық округтердің әкімдері мен бюджеттік ұйымдардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою бойынша, қаржылық тәртіпті, нормативтік-құқықтық актілерді білу деңгейін арттыру қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді, сондай-ақ аудан бюджетін жоспарлау мен орындаудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін бағыттар белгіленді.