БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ жергілікті бюджеттің кіріс көздерін, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін болжауға жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ жергілікті бюджеттің кіріс көздерін, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін болжауға жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша

 

2025 жылғы 10 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында жергілікті бюджеттің кіріс көздерін болжаудың, салықтық әкімшілендіру тиімділігінің мемлекеттік аудитінің нәтижелері қаралды.

Мемлекеттік аудитпен сегіз нысан қамтылды: Аққайың, Мамлют, Уәлиханов аудандарының және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның экономика және қаржы бөлімдері, сондай-ақ аталған аудандар бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы№

Жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша 49 831,6 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде жергілікті бюджетке 42 655,5 мың теңге, сондай-ақ 45 рәсімдік бұзушылықтар түсті.

Жүргізілген мемлекеттік аудит жергілікті бюджеттің кірістерін болжау, 1 062,7 млн. теңге сомасында тиімсіз жоспарлау кезінде бұзушылықтар анықталды, салықтық әкімшілендіруде, салық заңнамасы нормаларының орындалуына тиісті салықтық бақылау бөлігінде бұзушылықтар, салық органдарына жүктелген міндеттердің толық көлемде орындалмауы анықталды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша заңнама нормаларын бұзу фактілері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 97 әкімшілік материал жасады, оның ішінде 1,6 млн.теңге сомасына 79 айыппұл және 18 ескерту түрінде өндіріп алынды.

Аудит нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілді.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                          Т.Қ. Тұрсынов