«Ақжар ауданының жекелеген ұйымдарымен бюджет қаражатын пайдаланудын тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу қорытындылары туралы».

«Ақжар ауданының жекелеген ұйымдарымен бюджет қаражатын пайдаланудын тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу қорытындылары туралы».

«Келісілді»
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағаның м.а.
________________ Т. Турсунов
2025 ж. «22» мамыр 

Ақжар ауданының жекелеген ұйымдарының бюджет қаражатын пайдаланудын тиімділігіне мемлекеттік аудит қорытындылары туралы пресс-релиз 

2025 жылғы 22 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Ақжар ауданының жекелеген ұйымдарының бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.            

Жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша аудитпен белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 50 740,17 мың теңгені құрады, оның ішінде қалпына келтіруге – 41 594,1 мың теңге (82%), бюджет кірісіне өтеуге – 8 602,57 мың теңге (16,9%), бюджет кірісіне түсуге – 543,5 мың теңге (1,1%) жатады. Аудит барысында сомалар толық көлемде өтелді және қалпына келтірілді.            

Мемлекеттік аудит барысында рәсімдерді орындау тәртібінің 85 бұзушылығы анықталды.            

Аудит объектілері жалақы, үстемеақы төлеу бойынша бұзушылықтарға жол берді; орындалмаған жұмыс көлемі кезінде негізсіз ақы төлеу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу; бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама нормаларының көптеген бұзушылықтары анықталды.            

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің 9 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.           

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 52 материал Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, 2 материал «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ-не және 11 материал «СҚО Ақжар ауданы әкім аппараты» КММ-не жіберілді.           

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларына қаржылық тәртіпті нығайту, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланғаны үшін жауапкершілікті арттыру жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды. Сондай-ақ кадр саясатын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізу, анықталған бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер бойынша тұрақты негізде техникалық оқу жүргізу, жаңадан қабылданатын нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу.        Мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілді.  

Тексеру комиссиясының мүшесі М.Ж. Ебжанов