Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Абдрахманов Ербол Мұсаұлы 2025 жылдың мамыр айының 16 күні Қармақшы ауданының мәслихатының тұрақты, бірлескен комиссиясының және кезекті сессиясының отырысына қатысты.
Аудандық мәслихаттың отырысында Ербол Мұсаұлы «2024 жылға арналған Қармақшы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы есебі» тақырыбында баяндама жасап, аудандық мәслихат депутаттарының сұрақтарына жауап берді.