Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясында комиссия төрағасы М. Қалдарбековтың төрағалығымен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттардың мониторингіне байланысты дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Дөңгелек үстелге тексеру комиссиясының мүшелері және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Отырыста тексеру комиссиясы мүшелерінің аудиторлық іс-шаралар бойынша мерзімінде орындалмай тұрған нұсқамалардың барысы туралы бірқатар сұрақтарына қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары жауап берді.
Отырыс нәтижесімен бақылауда тұрған аудиторлық қорытынды мен нұсқамалардың мерзімінде, сапалы орындалуын қамтамасыз ету сұралды.