КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Кезекті отырысқа комиссия мүшелері, аппарат басшысы және бөлім басшылары қатысты.
Тексеру комиссиясының төрағасы М. Қалдарбеков отырыс барысында қала және аудандарға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану қажеттілігін атап өтті.
Комиссия мүшесі Б. Т. Пшанов баяндама барысында Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандары бойынша, комиссия мүшесі Е. М. Абдрахманов Қармақшы, Жалағаш аудандары бойынша, комиссия мүшесі Н. Р. Қордабай Сырдария, Шиелі аудандарының аудандық бюджетінің және облыс көлеміндегі барлық ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін баяндап, талқыланды.
Отырыстың қорытындысымен, Қызылорда қаласы мен барлық аудандық және кент, ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы есептері Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарының және Қызылорда қаласының мәслихаттарына ұсынылатын болады.