«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ СПОРТ РЕЗЕРВІ МЕН ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ СПОРТШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ДАЯРЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС-ШАРАСЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ СПОРТ РЕЗЕРВІ МЕН ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ СПОРТШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ДАЯРЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС-ШАРАСЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысына облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары және басқармаға қарасты мекеме басшылары мен есепшілері қатысты.
Тексеру комиссиясының төрағасы М. Қалдарбеков отырыс барысында спорт саласының өңір халқының салауатты өмір салтын ұстану мәдениетіндегі маңыздылығын, аталған салаға бөлінген мемлекет қаражатын тиімді пайдалану қажеттілігін атап өтті.
Өз кезегінде комиссия мүшесі Е. М. Абдрахманов баяндама барысында мемлекеттік аудит барысында бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау - 2 963 251,2 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 214 бірлік, тиімсіз пайдалану бұзушылықтары анықталғандығына, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша Қызылорда облысының тексеру комиссиясымен және уәкілетті органдармен 57 аудит материал бойынша бүгінгі күні мемлекеттік аудит объектілеріне және оның қызметкерлеріне 3420,9 мың теңге айыппұл салынған, 36 ескерту берілгендігіне және т. б. кемшіліктерге тоқтала отырып, аталған мәселелер бойынша тиісті шараларды қабылдау қажеттілігін ескертті.
Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелердің қойылған бірқатар сұрақтарына Қызылорда облысының дене шынықыту, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары және басқармаға қарасты мекеме басшылары мен есепшілері жауап берді.
Отырыстың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, алдағы уақытта тиісті іс-шараларды атқару үшін ұсынымдар жолданады.