МЕРЕЙТОЙМЕН ҚҰТТЫҚТАУ!

Қызылорда облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М.О. Қалдарбеков комиссия ұжымы атынан Мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспектор-мемлекеттік аудиторы Сейлбекова Құралай Сәдуақасқызын мерейлі 50 жасымен құттықтады.
Құралай Сәдуақасқызы қаржы саласында 25 жылға жуық уақыт бойы абыройлы еңбек етіп, осы салада мол тәжірибе жинақтаған білікті маман ретінде қалыптасты. Кәсіби қызметін маман лауазымынан бастаған ол еңбек жолында жетекші маман, бас маман, бас инспектор, бөлім басшысы және бас инспектор-мемлекеттік аудитор қызметтерін атқарды. Көп жылғы еңбегі барысында өзінің кәсіби шеберлігімен, жауапкершілігімен ерекшеленіп, ұжым жұмысына белсене араласып, мемлекеттік аудит саласының дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.
Құттықтау барысында Мұса Оспанұлы мерейтой иесіне зор денсаулық, жанұясына тыныштық пен амандық, шаңырағына бақ-береке, еңбегіне толағай табыс тілеп, алдағы уақытта да кәсіби қызметінде жаңа жетістіктерге жетуін тіледі.