🔶 Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Облыстың спорт саласына бөлінген қаражаттың, мемлекеттік активтердің пайдалануына мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша комиссия мүшесі С.Қармыстың баяндамасы тыңдалып, бюджетті жоспарлау мен орындау үдерісіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды.
🔶 Отырысқа Қызылорда облысының денешынықтыру және спорт басқармасы басшысы Б.Артаев қатысты.
🔶 Жиын барысында тексеру комиссиясының төрағасы міндетін атқарушы Н. Қордабай мен комиссия мүшелері тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға басқарма басшысы және мектеп директорлары мен есепшілері жауап берді. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын іс-шараларды орындау мақсатында уәкілетті мекемелерге қажетті ұсынымдар жолданатын болды.