«ҚАТТЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ,КЕҢ ТАРАЛҒАН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС-ШАРАСЫ БОЙЫНША АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«ҚАТТЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ,КЕҢ ТАРАЛҒАН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС-ШАРАСЫ БОЙЫНША АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
                🔶 Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының «Қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша комиссия мүшесі Б.Пшановтың баяндамасы тыңдалып, бюджетті жоспарлау мен орындау үдерісіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды.
               🔶 Отырысқа Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары А.Қаюпов қатысты.
               🔶 Жиын барысында тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Н. Қордабай және комиссия мүшелері көтерген бірқатар сұрақтарға басқарма басшысының орынбасары жауап берді. Отырыс нәтижесінде тиісті қаулылар қабылданып, алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларды іске асыру мақсатында уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар жолданатын болды.