
🔶 Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Облыстық денсаулық сақтау саласына бөлінген қаражаттың, мемлекеттік активтерінің пайдалануына мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша комиссия мүшесінің баяндамасы тыңдалып, бюджетті жоспарлау мен орындау үдерісіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды.
🔶 Отырысқа Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әбілпатта және аудит объектілерінен басшылары мен есепші мамандары қатысты.
🔶 Комиссия мүшесі Б.Пшанов өз баяндамасында мемлекеттік аудит нәтижесінде барлығы 100 бірлікте рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға жол берілгендігін, оның ішінде 6 бірлік бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде заңнама бұзушылығы, 19 бірлік мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама бұзушылықтары, 75 бірлікте өзге де салалық заңнамалар бұзушылықтары тіркелгендігіне тоқталды.
🔶 Жиын барысында тексеру комиссиясының төрағасы М. Қалдарбеков пен комиссия мүшелері тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға аудит объектілерінен басшылары мен есепші мамандары жауап берді. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын іс-шараларды орындау мақсатында уәкілетті мекемелерге қажетті ұсынымдар жолданатын болды.