
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Қызылорда облысының 2025 жылғы облыстық бюджетінің жоспарлануы мен атқарылуының тиімділігіне мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша комиссия мүшесінің баяндамасы тыңдалып, бюджетті жоспарлау мен орындау үдерісіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды.

Отырысқа Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының басшысы С.Мырзабек, сондай-ақ энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т.Нәдірбек және бөлім басшылары қатысты.

Комиссия мүшесі Е.Абдрахманов өз баяндамасында мемлекеттік аудит нәтижесінде барлығы 7 бұзушылық фактісі анықталғанын атап өтті. Оның ішінде 2 қаржылық және 5 рәсімдік сипаттағы бұзушылық тіркелген.

Жиын барысында тексеру комиссиясының төрағасы М. Қалдарбеков пен комиссия мүшелері тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға басқарма басшылары жауап берді. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын іс-шараларды орындау мақсатында уәкілетті мекемелерге қажетті ұсынымдар жолданатын болды.