🔶 Қызылорда облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М.О. Қалдарбеков ұжым қызметкерлері атынан Мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы – мемлекеттік аудиторы Итаяқов Медеу Балғабайұлын мерейлі 50 жасқа толуымен құттықтады.
🔶 Медеу Балғабайұлы қаржы саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келеді. Оның 30 жылдан астам еңбек жолы есепші, жетекші маман, бас маман, бас инспектор – мемлекеттік аудитор сияқты жауапты қызметтермен сабақтасып, әрбір лауазымды жоғары кәсібилікпен және абыроймен атқаруымен ерекшеленеді. Сондай-ақ ол «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.
🔶 Құттықтау барысында Мұса Оспанұлы мерейтой иесіне зор денсаулық, бақ-береке, отбасына амандық, еңбегіне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.