ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТПЕН АНЫҚТАЛҒАН БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ, БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТПЕН АНЫҚТАЛҒАН БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ, БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

            🔶 Іс-шараның басты мақсаты– мемлекеттік мекемелерде қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, аудит кезінде орын алатын қателіктерді азайту және бюджет қаражатының тиімді игерілуіне бақылауды күшейту .
            🔶 Жиынға аудан әкімдігі аппаратының өкілдері, ауылдық округтер мен кент әкімдіктерінің мамандары, мемлекеттік сатып алу және қаржылық бақылау саласының қызметкерлері, сондай-ақ білім, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт мекемелерінің басшылары мен есеп жүргізуге жауапты мамандар қатысты.
           🔶 Басқосу барысында облыстық Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Б.С. Ниеталиев пен облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы М.А. Құрақбаев баяндама жасап, аудит қорытындыларында анықталатын негізгі мәселелерге тоқталды. Сонымен бірге қаржылық заңнама талаптарын сақтау, мемлекеттік сатып алуды дұрыс ұйымдастыру және бюджет қаражатын тиімді пайдалану бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
           🔶 Қатысушылар өз сауалдарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды. Конференция соңында қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру және бюджет қаржысының тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар айтылды.