ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН АРАЛ АУДАНЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТПЕН АНЫҚТАЛҒАН БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ, БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН АРАЛ АУДАНЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТПЕН АНЫҚТАЛҒАН БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ, БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

             🔶 Мемлекеттік аудит – бюджет қаражатының заңды әрі нәтижелі жұмсалуына бақылау жүргізетін маңызды жүйе. Оның негізгі бағыты қаржылық тәртіптің сақталуын қадағалап қана қоймай, кемшіліктердің туындауына жол бермеу және мекемелердің жауапкершілігін күшейту болып саналады.
            🔶 Басқосуға мемлекеттік сатып алу мен қаржылық бақылау саласының мамандары, аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, ауылдық округ және кент әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелерінің басшылары мен бухгалтерлік есепке жауапты қызметкерлер қатысты.
            🔶 Конференция барысында облыстық Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімінің жетекшісі Б.С. Ниеталиев пен облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы М.А. Құрақбаев баяндама жасап, тексеру кезінде жиі кездесетін олқылықтар, оларды болдырмау тетіктері және қаржылық тәртіпті сақтау мәселелері жөнінде кеңінен түсіндіріп өтті. Қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар берілді.
            🔶 Іс-шара қорытындысында жиынға қатысушылар бюджет қаражатын тиімді пайдалану, қаржылық бақылауды жетілдіру және мемлекеттік аудит сапасын арттыру бағытында өзара пікір алмасты.