
🔶 Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы ағымдағы жылдың 29 мамыр күні сағат 11:00-де Арал аудандық мәдениет үйінде, 16:00-де Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтардың алдын алу, бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында конференция өткізілетінін хабарлайды. 🔶 Аталған конференция мемлекеттік сатып алу және қаржы салаларына бағытталған. Іс-шара барысында бюджет қаражатын тиімді пайдалану, қаржылық тәртіпті жетілдіру және мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, сала мамандары сауалдарға жауап береді.