
🔶 Мемлекеттік аудит жүйесі – мемлекеттік қаржының тиімді әрі мақсатқа сай жұмсалуын қамтамасыз ететін маңызды бақылау тетігі. Оның негізгі міндеті тек заңбұзушылықтарды анықтау емес, сонымен қатар олардың алдын алу жұмыстарын күшейтіп, мекемелердің қаржылық тәртіпке жауапкершілігін арттыру болып табылады.
🔶 Аталған конференцияға қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу саласының мамандары, аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, ауылдық округтер мен кент әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт мекемелерінің басшылары мен есеп жүргізуге жауапты мамандар қатысты.
🔶 Жиын кезінде облыстық Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Б.С. Ниеталиев пен облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы М.А. Құрақбаев баяндама жасап, аудит барысында жиі анықталатын кемшіліктер мен олардың алдын алу жолдары жөнінде кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына нақты түсіндірмелер ұсынылды.
🔶 Іс-шара соңында қатысушылар қаржылық бақылау саласындағы маңызды мәселелер бойынша ой бөлісіп, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныстарын білдірді.