
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы ағымдағы жылдың 22 мамыр күні сағат 11:00-де Шиелі ауданының Руханият орталығында «Мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтардың алдын алу, бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында конференция өткізілетінін хабарлайды.

Аталған конференция мемлекеттік сатып алу және қаржы салаларына бағытталған. Іс-шара барысында бюджет қаражатын тиімді пайдалану, қаржылық тәртіпті жетілдіру және мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, сала мамандары сауалдарға жауап береді.