ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

           🔶2026 жылдың 15 мамыр күні Қазалы аудандық мәслихатының кезекті 56-сессиясы өтті.
           🔶Сессияға Қызылорда облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Пшанов Бауыржан Төлешұлы қатысты. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» № 392-V заңының 51-бабы 1-тармағына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2025 жылға арналған Қазалы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы есебі, Қазалы ауданының қала,кент және ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы баяндама жасады.
          🔶Сессия барысында Тексеру комиссиясының мүшесі Б.Т. Пшанов аудиторлық іс-шараға байланысты біршама сұрақтарға жауап берді.