
Сессияға Қызылорда облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Пшанов Бауыржан Төлешұлы қатысты. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» № 392-V заңының 51-бабы 1-тармағына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2025 жылға арналған Арал аудандық бюджетінің атқарылуы туралы есебі, Арал ауданының қала,кент және ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы баяндама жасады.