ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ӨТКІЗІЛДІ

ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ӨТКІЗІЛДІ

             🔶 2026 жылғы 12 мамырда Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясында комиссия төрағасының міндетін атқарушы Н.Р. Қордабайдың төрағалығымен техникалық оқу өткізілді.           

             🔶Іс-шара барысында бюджет кодексіне енгізілген өзгерістер: қаржылық есептілікті ұсыну тәртібі, шоғырландырылған қаржылық есептілік, жылдық есеп дайындау мәселелері, сондай-ақ аудиторлық есептерде бухгалтерлік және қаржылық есептілікке қатысты анықталған қаржылық бұзушылықтар мен олардың айырмашылықтары мәселелері талқыланды.

            🔶Күн тәртібіне сәйкес баяндама жасағандар қатарында бас инспектор – мемлекеттік аудитор Қ. Сейлбекова, бас маман – мемлекеттік аудитор С. Утенова және бас инспектор – мемлекеттік аудитор ассистенті Ж. Аханова болды. Оқу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға баяндамашылар тиісті жауаптар берілді.