ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

           🔶2026 жылдың 5 мамыр күні VIII шақырылымдағы Қармақшы аудандық мәслихатының кезекті 46-сессиясы өтті.
           🔶Сессияға Қызылорда облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Қармыс Сәкен Қуанышұлы қатысты. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» № 392-V заңының 51-бабы 1-тармағына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2025 жылға арналған Қармақшы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы есебі, Қармақшы ауданының 2 кент және 12 ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы баяндама жасады.
           🔶Сессия барысында Тексеру комиссиясының мүшесі С.Қ. Қармыс аудиторлық іс-шараға байланысты біршама сұрақтарға жауап берді.