7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ

7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ

         🔶 Бүгін Тексеру комиссиясында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты құттықтау жиыны өтті. Шара барысында комиссия төрағасының міндетін атқарушы Н.Р. Қордабай ұжымдағы ер азаматтарды мерекемен құттықтап, әйелдер қауымына шынайы ризашылығын білдірді.

         🔶 Сонымен қатар, Света Бақытбекқызы мен Жанна Жолдыбайқызы әріптестерін мерекемен құттықтап, жүрекжарды жылы лебіздерін арнады. Мерекелік жиын аясында бірқатар қызметкерлерге арнайы номинациялар табысталды.

         🔶 Өз кезегінде Тексеру комиссиясының аппарат басшысы Жұлдызхан Байназарұлы және бас инспектор – мемлекеттік аудиторлар Нұрлан Қалдыбайұлы мен Қайрат Нартайұлы да ізгі тілектерін жеткізіп, құттықтау сөз сөйледі.

         🔶 Жиын соңында нәзік жандыларға ер азаматтар көрсеткен ілтипаты мен құрметтері үшін алғыс білдірді.