Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Шиелі, ауданының 2025 жылға аудандық бюджетінің жоспарлануы мен атқарылуының тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит іс-шарасы бойынша комиссия мүшесі С.Қармыс баяндама жасап, бюджеттің жоспарлануы мен атқарылуы мәселелері жан-жақты қаралып, талқыланды.
Отырысқа Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А. Алдабергенов пен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М. Жұмаділ қатысты.
Өз кезегінде комиссия мүшесі С.Қармыс баяндама барысында Шиелі ауданында аудит объектісінен мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтарының нормалары сақталмағандығынан 14 бірлік бұзушылық анықталған, оның ішінде 2 қаржылық бұзушылық, 9 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, 1 бірлік тиімсіз жоспарлау мен 2 бірлік тиімсіз пайдаланылған қаражат анықталғанын және бұл мәселелер бойынша міндетті түрде шараларды қабылдау қажет екендігін ескертті.
Отырыс барысында тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Н.Р.Қордабай мен мүшелердің қойылған бірқатар сұрақтарына аудан әкімінің орынбасары және бөлім басшылары жауап берді. Отырыстың қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, алдағы уақытта тиісті іс-шараларды атқару үшін ұсынымдар жолданатын болады.