КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

     Кезекті отырысқа комиссия мүшелері, аппарат басшысы және бөлім басшылары қатысты.

     Комиссия мүшесі Н. Р. Қордабай баяндама барысында Қызылорда қаласы және Шиелі ауданының, комиссия мүшесі Б. Т. Пшанов Арал, Қазалы аудандары бойынша, комиссия мүшесі С. Қ. Қармыс Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандары бойынша аудандық бюджетінің және облыс көлеміндегі барлық ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін баяндап, талқыланды.

     Отырыстың қорытындысымен, Қызылорда қаласы мен барлық аудандық және кент, ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы есептері Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарының және Қызылорда қаласының мәслихаттарына сәуір айында ұсыну тапсырылды.