КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫС ӨТТІ

КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫС ӨТТІ

            🔶Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланып, 2026 жылға арналған міндеттері айқындалған кеңейтілген отырыс өтті.
            🔶Отырыстың күн тәртібінде Қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалау жүргізу рейтингі бойынша және Қызылорда облысы тексеру комиссиясы қызметінің жалпы нәтижелеріне талдау жасау мәселелері қаралды.
            🔶Жиын барысында комиссия қызметінің Қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалау жүргізу рейтингі бойынша 116 балл жинап, «тиімді» деген баға алғаны және 5-орынды иеленгені атап өтілді.
            🔶Отырыс барысында Қалдарбеков Мұса Оспанұлы бағалау қорытындылары негізінде анықталған кемшіліктерге тоқталып, сала мамандарына тиісті сауалдар жолдап, алдағы уақытта мұндай олқылықтарға жол бермеу қажеттігін қатаң түрде тапсырды.
            🔶Сонымен қатар, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік аудиторлардың жұмыс нәтижелері сараланып, көрсеткіші төмен болған мамандардың қызметіне назар аударылды.
            🔶Жиын соңында Мұса Оспанұлы мамандарды жіберілген кемшіліктерден сабақ алуға шақырып, алдағы уақытта мекеме жұмысының Республика көлемінде алдыңғы қатардан көрінетіндігіне сенім білдірді. Осы мақсатқа жету үшін жұмыла жұмыс жасауға шақырды.