Жеке қабылдау

Жеке қабылдау
       🔶Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Абдрахманов Ербол Мұсаұлы 2026 жылғы 20 наурыз күні Жалағаш ауданында «Экономика және қаржы» бөлімінің ғимаратында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
 
       🔶Қабылдау барысында азаматтарға өздерін толғандырған сұрақтары мен мәселелері бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.