НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ
       🔶Наурыз айының 19 күні Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясында наурыз мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
 
       🔶М.Қалдарбеков қызметкерлерді мерекемен құттықтап, комисия мүшесі Бауыржан Төлешұлын, аппарат басшысы Жұлдызхан Байназарұлын, бөлім басшыcы Алматбек Айжарықұлын төраға алғыс хатымен марапаттады.
 
       🔶Мерекелік іс-шарада өңір өнерпаздары өнер көрсетіп, қызметкерлер арасында қазақтың ұлттық ойындары асық ату, қол күрес, гір көтеру, арқан тарту ойындары ойналып, ұлттық құндылықтарымыз дәріптелді. Жеңімпаздар кәсіподақ есебінен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
       🔶Іс-шара соңында айлардың сұлтаны Рамазан айының соңғы күнінде қызметкерлерге ауыз ашар ұйымдастылып, марқұм әріптестерімізге құран бағышталды.