🔶 Кезекті отырысқа Қызылорда облысы білім басқармасы басшысының орынбасары А.Қ. Қанатов, Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Б.К. Бердаулетов, сондай-ақ «Қызылорда қаласының орта білім беруді дамытуға бөлінген қаражатты пайдаланудың мемлекеттік аудиті» іс-шарасын жүргізуге тартылған мектеп директорлары мен есепшілері қатысты.
🔶 Тексеру комиссиясының мүшесі С.Қ. Қармыс баяндама жасап, аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің актілерінің бұзушылықтары анықталғанын хабарлады. Аудит нәтижесінде жалпы сомасы шамамен 7,9 млрд теңгеге бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Оның ішінде:
-
392,2 млн теңге — қаржылық бұзушылықтар;
-
7,5 млрд теңге — бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану;
-
207 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.
Сонымен қатар, мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 111 материал әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау үшін уәкілетті органдарға жолданды.
🔶 Отырыс барысында Тексеру комиссиясының төрағасы Мұса Оспанұлы және комиссия мүшелері аудиторлық іс-шараға байланысты мектеп директорлары мен есепшілеріне бірқатар сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.
🔶 Комиссия төрағасы Мұса Оспанұлы бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді тиімді жоспарлау және пайдалану кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
🔶 Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданды. Алдағы уақытта тиісті іс-шараларды жүзеге асыру үшін аудиторлық қорытынды, ұсынымдар және нұсқамалар орындауға жолданатын болады. ✅
