Конференцияға облыстық Экономика және қаржы басқармасы, Мемлекеттік сатып алу басқармасы, Мемлекеттік кірістер департаменті, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мен басқармалардың басшылары, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстағы барлық сала басшылары мен есепші мамандар қатысты.
Конференцияны ұйымдастырудың негізгі мақсаты, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қаржылық бұзушылықтардың алдын-алу және қаржылық тәртіпті нығайту болып табылады.
Тексеру комиссиясының миссиясы облыс аумағында қаржы тәртібін нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады және мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділік аудитін, сәйкестік аудитін, жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді.
2025 жылы Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясымен 22 аудиторлық іс-шара өткізілген. Онда 141 мемлекеттік аудит объектілері және жалпы көлемі 154,3 млрд. теңге бюджет қаражаты қамтылған. Іс-шараға білім беру ұйымдары, жеке колледждер, денсаулық сақтау ұйымдары, спорт және мәдениет саласы, квазимемлекеттік сектор субъектілері, кейбір облыстық басқармалар, аудандық бөлімдер, екі аудандық кіріс басқармалары, кейбір аудандардың кент, ауылдық округтері және т.б. тартылған.
Сонымен қатар, аймақтың жалпы 146 кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есептеріне талдау және кейбір профельды бағыттар бойынша «4» сараптамалық-талдау іс-шаралары жүргізілген.
Күн тәртібіне сәйкес Тексеру комиссиясының мүшесі С.Қ Қармыс, облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы С.С Мырзабек, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары М. Умербаева, Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Г. Қарымсақова мен облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары А. Қуандық баяндама жасап, мекеме басшылары мен есепшілері тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға баяндамашылар тарапынан тұшымды жауаптар берілді.
Конференцияның қорытындысымен есепші мамандарды арнайы курстардан оқытып біліктілігін арттырып отыру бойынша ұсыныс, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор басшыларына тапсыру ұсынылды.
Тексеру комиссиясы қаржылық бақылау органдарының және экономика саласымен бірлесіп 2026 жылдың ІI тоқсанында облысымыздың барлық аудандарында осындай конференция ұйымдастырылып, өткізетін болады.