ТАҒАЙЫНДАУ.

ТАҒАЙЫНДАУ.

2026 жылдың 26 қаңтардағы тексеру комиссиясының төрағасы Мұса Оспанұлының төрағалығымен өткен жиында ұжымға жаңадан тағайындалған тексеру комиссиясының Мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудитор таныстырылды.
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссия төрағасының ішкі конкурс нәтижесімен мемлекеттік қызметшіні тағайындау туралы 21.01.2026 жылғы бұйрығына сәйкес Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының Мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудитор Ниеталиев Берик Сангильбаевич тағайындалды.
Ниеталиев Берик Сангильбаевич 1977 жылы 29 қыркүйекте Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген.
1998 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық Университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығын бітірген.
2001 жылы Қарағанды экономикалық Университетін «экономикалық пәндердің профилі бойынша кәсіптік оқыту» мамандығын бітірген.
2016 жылы КАЗГУЮ Университеті акционерлік қоғамы «Құқықтану» мамандығын бітірген.
Еңбек жолын 1998-2002 жылдар аралығында Қарағанды экономикалық университетінің статистика, экономикалық талдау және жалпы білім пәндері кафедрасының оқытушысы қызметтерін атқарған.
2003-2012 жылдар аралығында Шиелі ауданы бойынша Салық комитетінің ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің бас маманы, бөлім басшы қызметтерін атқарған.
2013-2018 жылдар аралығында Қызылорда облысы бойынша Салық департментінің аудит бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
2018-2019 Жаңақорған, Арал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, Жанақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына басшысы қызметін атқарған.
2019- 2023 жылдар аралығында Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметін атқарған.
2023-2024 жылдар аралығында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқармасының басшысы және ҚР Жоғары аудиторлық палатасының бас сарапшысы қызметін атқарған.
2024-2025 жылдары Торғай -Петролеум АҚ-да 2- санатты салық маманы қызметін атқарған.
2025 жылы қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» Мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік аудит бөлімінің бас маман – мемлекеттік аудиторы қызметін атқарып келген.