
Кезекті отырысқа Арал ауданы әкімінің орынбасары Әбішев Е.Ж., Арал ауданы әкімі аппаратының басшысы Раймбетов С.Е. және «Арал ауданының бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне бөлінген бюджет қаражатына мемлекеттік аудит» іс-шарасын жүргізуге тартылған бөлім басшылары мен есепшілері қатысты.Тексеру комиссиясының мүшесі Б.Т.Пшанов баяндама жасап, аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнама нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің бұзушылықтары анықталғанын баяндады. Бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алуы бөлімдердің жауапты қызметкерлері, бухгалтерлік және қаржылық есептілікпен айналысатын есеп қызметкерлерінің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізуде бюджет және басқа да заңдылық нормаларын сақтамауынан, нормативтік құқықтық актілерді жетік білмеуі мен дұрыс пайдаланбауынан қалыптасқандығын. Сонымен қатар осы іс шара бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және қарауға уәкілетті органдарға 26 аудит материалы жолданғандығын атап өтті.Отырыс барысында Тексеру комиссиясының төрағасы Мұса Оспанұлы, Тексеру комиссиясының мүшелері аудиторлық іс-шарасына байланысты тиісті бөлім басшылары мен есепшілеріне біршама сұрақтар қойылды.Комиссия төрағасы Мұса Оспанұлы, бюджет қаражатын мемлекет активтерін тиімді жоспарлау мен пайдалануда заңнама талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.Отырыстың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, алдағы уақытта тиісті іс-шараларды атқару үшін Аудиторлық Қорытындымен ұсынымдар мен тапсырмалық бөліктер қамтылған Нұсқамалар орындауға жолданады.