ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ КЕНТ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНЕ БЮДЖЕТТЕН БЕРІЛГЕН ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ПАЙДАЛАНУЫНА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРІНІҢ БАСҚАРЫЛУЫНА ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТІНЕ ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕРДІҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС ШАРАСЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ КЕНТ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНЕ БЮДЖЕТТЕН БЕРІЛГЕН ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ПАЙДАЛАНУЫНА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРІНІҢ БАСҚАРЫЛУЫНА ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТІНЕ ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕРДІҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС ШАРАСЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Кезекті отырысқа Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Алдабергенов А.А. және «Шиелі ауданының кент, ауылдық округтеріне бюджеттен берілген қаражаттардың пайдалануына және мемлекеттік активтерінің басқарылуына және жергілікті бюджетіне түсетін түсімдердің дұрыстығына мемлекеттік аудит» іс-шарасын жүргізуге тартылған кент, ауылдық округі әкімдері мен есепшілері қатысты.
 Тексеру комиссиясының мүшесі Н.Қордабай баяндама жасап, аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнама нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің бұзушылықтары анықталғанын баяндады. Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 235 912,4 мың теңгені құраған, оның ішінде бюджетке өтелетіні 3 216,1 мың теңге, кәсіпорын кірісіне өтелетіні 1 782,6 мың теңге, қызметкерлер алдында жалақыдан қалыптасқан кредиторлық берешектері 223,3 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны 230 690,4 мың теңге анықталғанын және қалпына келтірілгенін атап өтті.
 Отырыс барысында Тексеру комиссиясының төрағасы Мұса Оспанұлы, Тексеру комиссиясының мүшелері аудиторлық іс-шарасына байланысты тиісті кент, ауылдық округ әкімдері мен есепшілеріне біршама сұрақтар қойды.
 Комиссия төрағасы Мұса Оспанұлы, бюджет қаражатын мемлекет активтерін тиімді жоспарлау мен пайдалануда заңнама талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
 Отырыстың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, алдағы уақытта тиісті іс-шараларды атқару үшін Аудиторлық Қорытындымен ұсынымдар мен тапсырмалық бөліктер қамтылған Нұсқамалар орындауға жолданады.