
Салтанатты жиынды Тексеру комиссиясының төрағасы М.О.Қалдарбеков ашып, мерекенің маңыздылығын атап өтіп, мекеме қызметкерлерін жаңа жылмен құттықтады.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының бірқатар қызметкерлері, оның ішінде 2025 жылдың қорытындысымен «Үздік бөлім басшысы» номинациясымен Иманкулов Альсейт Аманжолұлы, «Үздік мемлекеттік аудитор» номинациясымен Абуов Қайрат Нартайұлы, «Үздік штаттан тыс қызметкер» номинациясымен Абишова Алтын Мұсақызы және Тексеру комиссиясы төрағасының «Алғыс хатымен» Рүстембекова Гүлнұр Рүстембекқызы марапатталды.