ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қызылорда облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Қызылорда облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асырылуын аралық бағалау» іс-шарасы мемлекеттік аудит аудиторлық қорытындысын бекіту туралы және «Қызылорда облысы бойынша білім беру ұйымдарының пәндік физика, химия, биология, STEM-кабинеттерімен қамтылуы және пайдаланылуы» іс-шарасы сараптамалық-талдамалық қорытындысын бекіту туралы іс-шарасының қорытындысы қаралды.
Кезекті отырысқа Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының басшысы Мырзабек С.С., Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Ізімбетов Ә.Ж. және тиісті мамандар қатысты.
«Қызылорда облысы бойынша білім беру ұйымдарының пәндік физика, химия, биология, STEM-кабинеттерімен қамтылуы және пайдаланылуы» іс-шарасы сараптамалық-талдамалық және «Қызылорда облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асырылуын аралық бағалау» іс-шарасы мемлекеттік аудит аудиторлық қорытындысын бекіту туралы және нәтижесі бойынша қалыптастырылған қорытындысымен Тексеру комиссиясының мүшелері Нұрғали Рахымшаұлы мен Ербол Мұсаұлы баяндама жасады.
Отырыс барысында Тексеру комиссиясының төрағасы Мұса Оспанұлы және Тексеру комиссиясының мүшелері тарапынан іс-шара қорытындысымен анықталған бұзушылықтарға байланысты Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының басшысы С.С.Мырзабекке, Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Ә.Ж. Ізімбетовке және тиісті мамандарға біршама сұрақтар қойылып, жауаптары алынды.
Комиссия төрағасы Мұса Оспанұлы, бюджет қаражатын мемлекет активтерін тиімді жоспарлау мен пайдалануда заңнама талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Отырыстың қорытындысы бойынша қорытынды, нұсқама мен қаулысы Тексеру комиссиясымен бекітіліп, нәтижелері - іс-шараға байланысты жүргізуге тартылған тиісті мемлекеттік мекемелерге орындау үшін жолданады.