
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Мұса Оспанұлының төрағалығымен 2025 жылдың 2 желтоқсанында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа заңнамасына енгізілген өзгерістер» туралы, Әдеп кодексі нормаларын сақтау және бұзушылықтардың алдын алу және Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары туралы. «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі» баптары бойынша талқылау, түсіндіру туралы техникалық оқу өткізілді.
Техникалық оқуға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы, тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы, бөлім басшылары мен барлық қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа заңнамасына енгізілген өзгерістер» туралы Жанар Жалғасбайқызы, «Әдеп кодексі нормаларын сақтау және бұзушылықтардың алдын алу және Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары» туралы Алматбек Айжарықұлы, «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі» баптары бойынша талқылау, түсіндіру туралы Альсеит Аманжолұлы, Света Бақытбекқызы және мемлекеттік аудиторлар баяндама жасап, мемлекеттік аудиторлардың сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, төрағалық етуші Мұса Оспанұлының Қазақстан Республикасының Әдеп кодексінің, мемлекеттік қызмет туралы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңдардың талаптарының бұзылмауын қамтамасыз ету мақсатында, қызметкерлердің қатысуымен ұдайы тиісті шараларды қабылдау қажет екендігі айтылып. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және Әдеп кодексі нормаларын сақтау туралы арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді.