«ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТТЫҢ, МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРІН ПАЙДАЛАНУЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС ШАРАСЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

«ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТТЫҢ, МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРІН ПАЙДАЛАНУЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС ШАРАСЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Кезекті отырысқа «Облыстық денсаулық сақтау саласына бөлінген қаражаттың, мемлекеттік активтерін пайдалануына мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е.Нұртазаұлы, аудандық аурухана басшылары мен бас есепшілері және тиісті мамандар қатысты.
Тексеру комиссиясының мүшесі Б.Пшанов баяндама жасап, тексерудің қорытындысымен барлығы 59 бірлікте рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға жол берілген. Рәсімдік бұзушылықтар ол, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін мерзімінде аударылмаудан. Тауарларды қате шоттарға кірістеу, кәсіпорындарда жүргізілген түгендеу бұйрықтарын рәсімдеу барысында қағида талаптары басшылыққа алынбауынан. Мемлекеттік сатып алу шарттарында тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері және тағыда басқа рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардан орын алған.
Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 3 аудит материал жолданды. Оның 2 материал бойынша 393,2 мың теңге айыппұл салынса, 1 материал қаралу барысында. Сонымен қатар, Қызылорда қаласы бойынша кірістер басқармасына 17 аудит материалы әкімшілік жауапкершіліктерін қарау үшін жолданғанын атап өтті.
Отырыс барысында Тексеру комиссиясының төрағасы Мұса Оспанұлының тарапынан басқарма басшысының орынбасарына және аудандық аурухана басшыларына және бас есепшілеріне біршама сұрақтар қойылып, бюджет қаражатын, мемлекет активтерін тиімді жоспарлау мен пайдалануда заңнама талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығы жөнінде атап өтілді.
Отырыстың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, алдағы уақытта тиісті іс-шараларды атқару үшін Аудиторлық Қорытындымен ұсынымдар мен тапсырмалық бөліктер қамтылған Нұсқамалар орындауға жолданатын болады.