«ҚЫЗЫЛОРДА ГАЗ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІ» ШЖҚ КМК «МЕМЛЕКЕТ АКТИВТЕРІН ПАЙДАЛАНУЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС ШАРАСЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

«ҚЫЗЫЛОРДА ГАЗ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІ» ШЖҚ КМК «МЕМЛЕКЕТ АКТИВТЕРІН ПАЙДАЛАНУЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС ШАРАСЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

    Кезекті отырысқа «Мемлекет активтерін пайдалануына мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Б.Н.Ізмағамбетов, Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Д.Б.Баймаханов, табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.А.Абдрайхан және Қызылорда газ тарату жүйесінің басшысы Н.С. Шаухаманов және тиісті мамандар қатысты.

   Тексеру комиссиясының мүшесі Е.Абдрахманов баяндама жасап, Мемлекеттік аудитпен аудит обьектілерінің қолданыстағы заңдылықтарының сақталмауынан қаржылық бұзушылықтар – 325 020,2 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану - 29428,4 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар - 12 бірлік бұзушылықтар анықталған.

   Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және қарауға уәкілетті органдарға 6 аудит материалы жолдандып, бүгінгі күні 4 ескерту шарасы көрілген, 3 материал  қарау барысында, Тексеру комиссиясымен 1 аудит материалы бойынша 1 лауазымды тұлғаға қысқартылған тәртіпте 786,4 мың теңге әкімшілік айыппұл салынғанын атап өтті.

    Отырыс барысында Тексеру комиссиясының төрағасы Мұса Оспанұлының  тарапынан басқарма басшысының орынбасарына және «Қызылорда газ тарату жүйесі» ШЖҚ КМК-нің басшысына біршама сұрақтар қойылып, бюджет қаражатын, мемлекет активтерін тиімді жоспарлау мен пайдалануда заңнама талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығы жөнінде атап өтілді.

    Отырыстың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, алдағы уақытта тиісті іс-шараларды атқару үшін Аудиторлық Қорытындымен ұсынымдар мен тапсырмалық бөліктер қамтылған Нұсқамалар орындауға жолданатын болады.