ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ӨТКІЗІЛДІ

ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ӨТКІЗІЛДІ

ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ӨТКІЗІЛДІ
  Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Қалдарбеков Мұса Оспанұлының төрағалығымен 2025 жылдың 9 қазанында 1. «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің баптары бойынша талқылау, түсіндіру» (А.Искакова), 2.«600. Мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты» (С.Қармыс), тақырыптарында техникалық оқу өткізілді.
  Техникалық оқуға тексеру комиссиясының мүшелері, бөлім басшылары мен барлық қызметкерлер қатысты. Жауапты қызметкерлерге тапсырмалар берілді.
  Сонымен қатар, М.Қалдарбеков мекеме қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оны алдын алу мәселесі бойынша қатаң ескерту жасап, мемлекеттік қызметшілердің міндеті - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеу, өзіне және айналасындағыларға сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру екенін атап өтіп қорытындылады.