ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНДА САРАПТАМАЛЫҚ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ ОТЫРЫСТАРЫ ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында екі сараптамалық талдау қорытындысы қаралды.
Біріншісі – Жоғары аудиторлық палатының тапсырмасына сәйкес Тексеру комиссиясының мүшесі Б.Пшановтың басшылығымен облыстағы аяқталмаған жобалар мен мемлекеттік меншікке берілмеген нысандарға қатысты, Екіншісі – Қызылорда облыстық мәслихатының тапсырмасына сәйкес Е.Абдрахманов басшылық еткен облыстық бюджеттің құрылыс және дебиторлық/кредиторлық берешектерге байланысты мәселелерге арналған талдау.
Кезекті отырысқа бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен сараптамалық талдау іс-шарасын жүргізуге тартылған мемлекеттік органдардың басшылары және жауапты мамандары қатысты.
Сараптамалық-талдау іс-шаралары - сараптамалық-талдау іс-шаралардың объектілеріне шықпай дербес іс-шара ретінде жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша қалыптастырылған сараптамалық-талдау қорытындысымен Тексеру комиссиясының мүшелері Бауыржан Төлешұлы Пшанов, Ербол Мұсаұлы Абдрахманов баяндама жасады.
Отырыс барысында Тексеру комиссиясының төрағасы Мұса Оспанұлы, Тексеру комиссиясының мүшелері Нұрғали Рахымшаұлы, Ербол Мұсаұлы, Сакен Қуанышұлы бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен сараптамалық талдау іс-шарасын жүргізуге тартылған мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты мамандарына біршама сұрақтар қойды.
Комиссия төрағасы Мұса Оспанұлы, бюджет қаражатын тиімді жоспарлау мен пайдалануда заңнама талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Отырыстың қорытындысы бойынша сараптамалық-талдау қорытындысы Тексеру комиссиясымен бекітіліп, нәтижелері - Жоғары аудиторлық палатасына, облыстық мәслихатқа, Сараптамалық-талдау қорытындысы - бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен сараптамалық талдау іс-шарасын жүргізуге тартылған мемлекеттік органдарға орындау үшін жолданады.