ОБЛЫСТЫҚ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІН ҚҰРМЕТПЕН ШЫҒАРЫП САЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІН ҚҰРМЕТПЕН ШЫҒАРЫП САЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Мұса Оспанұлының төрағалығымен өткен тексеру комиссиясының отырысында әріптестері тексеру комиссиясының мүшесі Мырзабек Сәкен Салхадинұлын басқа қызметке ауысуына байланысты құрметпен шығарып салды.
Тексеру комиссиясының төрағасы Сәкен Салхадинұлына өз қызметін мінсіз атқарып, сыртқы қаржылық бақылау нәтижелерінің өз дәрежесінде болуына үлесін қосқаны үшін алғысын білдіріп, тексеру комиссиясы төрағасының алғыс хатын табыстады.
Сәкен Салхадинұлы 2023 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін тексеру комиссиясының мүшесі қызметін атқарып, тексеру комиссиясы жұмысының жоғары деңгейде жүруіне, қаржылық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және анықтау бойынша белсенді қызмет жасап, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып өз үлесін қосты.