«Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы №12 бұйрығына және 2025 жылғы 4 маусымдағы Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының ынтымақтастығы, практикалық тәжірибе алмасу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу туралы меморандумға сәйкес Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Қалдарбеков Мұса Оспанұлы және комиссия мүшесі Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы 2025 жылдың 26-27 маусым аралығында тәжірибе алмасуға Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясына барды.
Күн тәртібіне сәйкес Тексеру комиссиясының қызметі бойынша тәжірибе алмасып, оның ішінде тексеру комиссияларының 2024 жылда атқарған қызметін бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттарының көрсеткіштерін талдау, заң сараптамасы, сот және әкімшілік құқық бұзушылық рәсімдері, сапа бақылауы бағыты бойынша пікір алмасты.
Нәтижесінде Тексеру комиссияларының ынтымақтастығы, практикалық тәжірибе алмасу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу туралы меморандумға сәйкес алдағы уақытта тексеру комиссиясының негізгі бағыттары бойынша тәжірибемен бөлісе отырып тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқару туралы шешім қабылданды.